Қазақстан Республикасына алғаш рет трансформатор майын қайта өңдеу қондырғысын жеткізу
TESSA INTER GROUP" ЖШС мен "KEGOC" АҚ арасында Украинадағы "ПКТБ ЭЛЕКТРОТЕХМОНТАЖ" АҚ өндірген "ЭТМА УРТМ-2х2-БВ 1,2-И У1" трансформатор майын қайта өңдеу қондырғысын жеткізу бойынша келісімшарт жасалды.
Бұл қондырғы Қазақстанда алғаш рет қолданылатын болады, және біз осындай маңызды жұмысты біздің компанияға сеніп тапсырғанына қуаныштымыз. Бұл біздің кәсібилігіміздің жоғары деңгейін көрсетеді.
Аталған қондырғы бір циклде 5 тонна трансформатор майын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бір цикл бір тәулікке тең. Яғни, бір апта ішінде тапсырыс беруші 25 тонна майды тазарта алады, бұл орташа қуатты трансформатордың толық май көлеміне тең.
"ЭТМА УРТМ" сериялы қайта өңдеу қондырғыларын пайдалану арқылы энергетикалық компаниялар жаңа трансформатор майын сатып алу көлемін 50-90%-ға дейін қысқарта алады, бұл оларға он миллиондаған, тіпті жүз миллиондаған теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
* Бастапқы майдың келесі параметрлері бойынша: қышқылдық саны – 0,1 КОН/г аспайды; диэлектрлік шығын бұрышының тангенсі 90°C-та 5%-дан аспайды.


