ЖЖ өңдеу
Электр энергетикасындағы автоматтандыру және мониторинг
Жоғарғы вольтты жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер
Аспаптар мен құрылғылар
Элегаз үшін жабдықтар (SF6)
Теміржол жабдықтары
Телекоммуникациялық жабдық
Технологиялық жабдық


арт.55
Газ сапасын талдау үшін
Инновациялық жаңартулардың арқасында MultiAnalyser SF6 тұтынушы талаптарын қанағаттандырады және қосылғаннан кейін бірден жұмысқа дайын. Құрылғының жоғары сапалы құрылымы және ыңғайлы дизайні, оның шағын және қолданысқа ыңғайлы, дәлдік классы жоғары құрылғы ретіндегі сапа стандарттарының сақталуына кепіл береді. Бұл көп функциялы өлшеу құрылғысы, ауаны ластамай, қоршаған ортаға шығынсыз, тек бір сынама арқылы алты түрлі параметрді анықтауға мүмкіндік береді. Құрылғының жеке конфигурациясына сәйкес, онда орнатылған датчиктердің мәндерін анықтауға болады. (Құрылғыңыз қандай параметрлерді анықтайтыны туралы ақпаратты техникалық деректерден ала аласыз). Арнайы қолжетімді бөлім қарастырылған, басты тізбектен оңай ажыратылатын іштей орнатылған батарея, осы модельде тасымалдау қиындығын тудырмайды. Құрылғының электрохимиялық датчиктерін ауыстыру процессі арнайы дайын жерді талап етпейді және оңай ауыстырылады. Датчиктер ауыстырғаннан кейін, құрылғыны бірден қоладана берсе болады және бос тұру уақытын болдырмайды. MultiAnalyser SF6 өлшенген газды эмиссиясыз өңдеу үшін әртүрлі жұмыс әдістерін қолданады. Бір жағынан құрылғының өзінің ішкі өлшенген газды жинайтын қапшығы бар, өлшенетін газдың мөлшері көп болса қосымша қап, не болмаса жинақтағыш баллонды қосуға мүмкіндік бар. Сол себепті, өлшенген газ белгілі бір себептермен камераға кері айдалмайтын және ұзақ уақытты сынақтар жүргізілетін болса, қосымша сырттай қосылатын жинақтағыш қаптарды қолданған дұрыс. Екінші жағынан, құрылғыдан газ камерасына, не болмаса сырттай орнатылған жинақтағыш баллонға кері айдалатын газ қысымы 10 бар pe дейін. Сонымен қатар, сыртқы қапшықты MultiAnalyser SF6, DILO қызмет көрсету арбасы немесе компрессорлық құрылғы арқылы босатуға болады. Өлшеу құрылғысы 7 дюймдік сенсорлық экран арқылы автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. WiFi желісі арқылы смартфондар, планшеттер немесе ноутбуктер сияқты мобильді құрылғыларды қосу көмегімен жұмыс істеуге және деректер алмасуға болады. Өлшеу құрылғысының жаңартылған және ыңғайластырылған сыртқы қорғаныс кейсі, оған орынатылған дөңгелектердің арқасында бір орыннан екінші орынға ыңғайлы тасымалды қамтамасыз етеді. Заманауи басқару технологиясы, бірнеше тілдегі ыңғайлы интерфейспен бірге құрылғының жұмысын қарапайым және ыңғайлы етеді
Стандартты нұсқасы
Техникалық сипаттамалар
Өлшемдері (Е x Б x Ұ): 538 x 269 x 406 мм
Салмағы: 24 кг
Кіріс қысым pe: 0,2–35 бар
Жұмыс температурасы: -10 - +50 °C
Қоршаған ортаның ылғалдылығы: ≤ 90%
Жұмыс кернеуі: 85–264 VAC
Жиілік: 47–63 Гц (ауыстырылатын батарея)
Өлшенген мәндерінің максималды сақтауға болатын саны: 500
Интерфейс: USB / LAN / Wi-Fi
Сынақтарды өлшеу уақыты: ≤ 7 мин, айнымалы, сынақ түріне байланысты, жүйемен есептеледі
Ағын жылдамдығы 20 л/сағ SF6
Қорғаныс класы IP65 (құрылғы жабық күйде) / IP20 (құрылғы ашық кезде)
По запросу