ЖЖ өңдеу

ЖЖ өңдеу

Электр энергетикасындағы автоматтандыру және мониторинг

Электр энергетикасындағы автоматтандыру және мониторинг

Жоғарғы вольтты жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер

Жоғарғы вольтты жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер

Аспаптар мен құрылғылар

Аспаптар мен құрылғылар

Элегаз үшін жабдықтар (SF6)

Элегаз үшін жабдықтар (SF6)

Теміржол жабдықтары

Теміржол жабдықтары

Телекоммуникациялық жабдық

Телекоммуникациялық жабдық

Технологиялық жабдық

Технологиялық жабдық

Түпнұсқа өнім 15% жеңілдікпен

Түпнұсқа өнім 15% жеңілдікпен
  • Басты бет
  • Элегаз үшін жабдықтар (SF6)
  • Стандартты емес жабдық
  • SF6 басқару құрылғылары
  • DILO 3-035R-R MirrorAnalyser SF6 элегаздың сапасын өлшеу құралы
SF6 басқару құрылғылары
DILO 3-035R-R MirrorAnalyser SF6 элегаздың сапасын өлшеу құралы

арт.58

DILO 3-035R-R MirrorAnalyser SF6 элегаздың сапасын өлшеу құралы

Жоғары дәлдікпен, газ сапасының бірнеше параметрлерін талдау үшін

сұраныс бойынша
  • Сипаттамаarrow-down
  • Техникалық сипаттамаларarrow-down
  • Құжаттар (сертификаттар)arrow-down
Сипаттама

Бұл көп салалы өлшеу аспабымен, бір рет өлшеу арқылы элегаздың қасиетін сипаттайтын төртке (модельдің түріне байланысты) дейінгі параметрлерді анықтауға болады. MirrorAnalyser SF6 құрылғысы элегаздағы ылғалдықты анқтау үшін физикалық түрде құрылғыға орнатылған айна бетіндегі шықтың пайда болу принципін қолданады, ал ол өз кезегінде шық нүктесін өлшеудің жоғары дәлдігі мен жоғары сенімділігінің көрсеткіші. Құрылғыға іштей орнатылған айнаның бетін салқындату арқылы газдың ылғалдығы айнаның бетінде конденсат немесе қырау ретінде пайда болатын температураға тәуелділік арқылы анықталады. Элегаздың басқа параметрлерін өлшеу электрохимиялық датчиктер мен дыбыс жылдамдығын өлшеу арқылы жасалады. (Құрылғы қандай параметрлерді анықтайтыны туралы ақпаратты техникалық деректерден табуға болады). Құрылғының жоғары сапалы құрылымы және ыңғайлы дизайні, оның шағын және қолданысқа ыңғайлы, дәлдік классы жоғары құрылғы ретіндегі сапа стандарттарының сақталуына кепіл береді. Құрылғының электрохимиялық датчиктерін ауыстыру процессі арнайы дайын жерді талап етпейді және оңай ауыстырылады. Датчиктер ауыстырғаннан кейін, құрылғыны бірден қоладана берсе болады және бос тұру уақытын болдырмайды. MirrorAnalyser SF6 өлшенген газды эмиссиясыз өңдеу үшін әртүрлі жұмыс әдістерін қолданады. Бір жағынан құрылғының өзінің ішкі өлшенген газды жинайтын қапшығы бар, және өлшеніп болған газды қаптан кері камераға 10 бар pe қысыммен айдайды. Екінші жағынан, өлшенген газды қосымша сыртқы қапшықа немесе газға арналған балонға айдауға мүмкіндігі бар. Баллондарда, газ сақталатын арнайы көлемдерде немесе газ камераларында жоғары қысымда өлшеу үшін немесе өлшенген газды құрылғыға қайта айдамау керек болса, арнайы газ жинақтаушы балонды қондырғының арнайы шығыс портына жалғау керек (макс. 10 бар пе). Бұл жағдайда қысымды төмендету құралын (редукторды) пайдалану және құрылғыны газ баллонынан немесе газ камерасынан ажырату қажет емес. Бұдан басқа, өлшенген ласталған газды арнайы газ жинайтын қапшықта сақтауға мүмкіндігі бар. Сыртқы ластанған газ жинағыш қапты қосу арқылы газды кері айдамай үздіксіз өлшеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, сыртқы қапшықты MirrorAnalyser SF6, DILO қызмет көрсету арбасы немесе компрессорлық құрылғы арқылы босатуға болады. Өлшеу құрылғысы 7 дюймдік сенсорлық экран арқылы автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. WiFi желісі арқылы смартфондар, планшеттер немесе ноутбуктер сияқты мобильді құрылғыларды қосу көмегімен жұмыс істеуге және деректер алмасуға болады. Электрохимиялық датчиктердің қалған қызмет ету мерзімі автоматты түрде көрсетіледі. Шық нүктесі айнасының өзін-өзі тексеру функциялары бар. Өлшеу құрылғысының жаңартылған және ыңғайластырылған сыртқы қорғаныс кейсі, оған орынатылған дөңгелектердің арқасында бір орыннан екінші орынға ыңғайлы тасымалды қамтамасыз етеді. Заманауи басқару технологиясы, бірнеше тілдегі ыңғайлы интерфейспен бірге құрылғының жұмысын қарапайым және ыңғайлы етеді.

Техникалық сипаттамалар

Стандартты нұсқасы

  • Газдағы ылғалдықты өлшеудегі жоғары дәлдік пен сенімділік (айнадағы шық нүктесін өлшеу принципі)
  • Эмиссиясыз өлшеу
  • Датчиктердің өзара алмасу мүмкіндігі
  • Өзін-өзі тексеру функцияларына байланысты аз техникалық қызмет көрсетуі
  • Аты, күні және уақыты көрсетілген 500-ге дейін өлшеу нәтижелерін сақтау мүмкіндігі
  • Әрбір өлшеу алдында өлшеу түтігін автоматты түрде тазарту арқылы кейінгі өлшеулер үшін дәл өлшеу нәтижелеріне кепілдік береді
  • Шық нүктесіндегі ылғалды анықтау, темература (°C не °F) мен атмосфералық қысым не кіріс қысымы арасындағы тәуелділікті өлшеу арқылы, оған қоса ppmV, ppmW өлшеміне ауыстырып анықтауға мүмкіндігі бар
  • Кіріс қысымын бар, psi (фунттың шаршы дюймға көбейтіндісі), МПа и кПа (Па немесе pe) өлшем бірліктерінде анықтау мүмкіндігі (таңдау сенсорлық экранның көмегімен жасалады)
  • DILO DN8 и DN20 муфталары бар, ұзындығы 6 м, газ камераларынан сынақтарды алуға арналған, өлшеу құралына қосылатын арнайы шланг
  • Ұзындығы 2 м құрылғыны қуат көзіне қосуға арналған электр кабелі
  • Өлшеу нәтижелерін бағалауға және оқуға арналған деректер файлы бар USB флэш-дискісі

 

Техникалық сипаттамалар

 

Өлшемдері (Е x Б x Ұ): 625 x 297 x 500 мм

Салмағы: 27,5 кг

Кіріс қысым pe: 0,2–35 бар

Жұмыс температурасы: -10 - +40 °C

Қоршаған ортаның ылғалдылығы: 90% жұмыс кезінде конденсацияланбайтын салыстырмалы ылғалдылық

Жұмыс кернеуі: 85–264 VAC

Жиілік: 47–63 Гц

Өлшенген мәндерінің максималды сақтауға болатын саны: 500

Интерфейс: USB / LAN / Wi-Fi

Сынақтарды өлшеу уақыты: ≤ 10 мин, айнымалы, газ түріне байланысты, жүйемен есептеледі

Қорғаныс класы IP65 (құрылғы жабық күйде) / IP20 (құрылғы ашық кезде)

Құжаттар (сертификаттар)

По запросу