ЖЖ өңдеу

ЖЖ өңдеу

Электр энергетикасындағы автоматтандыру және мониторинг

Электр энергетикасындағы автоматтандыру және мониторинг

Жоғарғы вольтты жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер

Жоғарғы вольтты жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер

Аспаптар мен құрылғылар

Аспаптар мен құрылғылар

Элегаз үшін жабдықтар (SF6)

Элегаз үшін жабдықтар (SF6)

Теміржол жабдықтары

Теміржол жабдықтары

Телекоммуникациялық жабдық

Телекоммуникациялық жабдық

Технологиялық жабдық

Технологиялық жабдық

Түпнұсқа өнім 15% жеңілдікпен

Түпнұсқа өнім 15% жеңілдікпен
  • Басты бет
  • Элегаз үшін жабдықтар (SF6)
  • Қызмет көрсететін арбалар
  • DILO L170R01V2, L400R01V2, L600R01V2 Mega Series, элегазбен жұмыс істеуге арналған арнайы арба
Қызмет көрсететін арбалар
DILO L170R01V2, L400R01V2, L600R01V2 Mega Series, элегазбен жұмыс істеуге арналған арнайы арба

арт.40

DILO L170R01V2, L400R01V2, L600R01V2 Mega Series, элегазбен жұмыс істеуге арналған арнайы арба

Үлкен және өте үлкен көлемді газ камераларына қызмет көрсететін әмбебап құрылғы арбалар

сұраныс бойынша
  • Сипаттамаarrow-down
  • Техникалық сипаттамаларarrow-down
  • Құжаттар (сертификаттар)arrow-down
Сипаттама

L170 (L400, L600) типті элегазды сұйылтып, сақтауға арналған қызмет көрсету арбалары үлкен және аса үлкен көлемді газ камераларындағы газды соруға, газды тазартуға, газ камераларын вакуумдауға, желдетуге және газ камераларын газбен толтыруға арналған күрделі құрылғы. Құрылғыға қойылатын және тұтынушы жұмысына ыңғайлы болатын барлық практикалық талаптарды қамту: құрал-саймандарға арналған арнайы тартпа, адаптерлер мен шлангілер жиыны, орнатылған сандық таразы, бұл құрылғының нағыз әмбебаптығын айқындайды. Заманауи басқару технологиясы мен бірнеше тілде қолжетімді ыңғайлы интерфейс құрылғыны пайдалануды жеңіл әрі қолайлы етеді. Смартфон, планшет немесе ноутбук тәрізді мобильді құрылғылар арқылы басқару мүмкіндігі қосымша опция ретінде қарастырылған. Құрылғының сыртқы қаптамасы оның басты компонеттерін механикалық зақымдардан қорғайды және шудың деңгейін едәуір азайтады. Бұл құрылғы 10" сенсорлық экран арқылы толықтай автоматты режимде басқарылады, және экранның арнайы сыртқы қаптамасы оны күн сәулесінен және шаңның түсуінен қорғайды. Экранды өзіңе қарай бұру мүмкіндігі, ыңғайлы биіктікте тиімді жүмыс істеуге көмектеседі. Деректер алмасу үшін қосымша USB және Ethernet порттары қарастырылған. Герметикалық, газ өткізбейтін DILO муфталары мен қосылымдарын пайдалану арқылы газдың сыртқа шығып, ортаны ластамауына кепілдік береді. Қондырғыда арнайы DN20 / DN40 шығысының болуы және едәуір қуатты құрылғыларды қолдану арқылы газды сорып алу және газбен толтыру процессінің уақыты біршама азайған, сонымен қатар, қосымша опция ретінде екінші DN20 шығысы қарастырылған. Осылайша, бір мезгілде қатарынан екі жұмысты орындау қарастырылған. Бұл дегеніміз, бірінші газ камерасында ауа сорып және сол мезетте екінші газ камерасын элегазбен толтыру, не болмаса элегазды сору процессін жүргізу. Автоматтандырылған арнайы функциялардың көмегімен және заманауй құрылғыларды қолдану арқасында, қондырғы қолданысы жеңіл әрі қоршаған ортаға залал келтірмейді.

Техникалық сипаттамалар

Артықшылықтары мен функциялары

  • SF6 газын 1 мбарға дейін сорып алу
  • Мобильді құрылғылар арқылы қосымша қашықтан басқару мүмкіндігі
  • Айналу бағытын түзетуге арналған реверстік қосқышы
  • Ыңғайлы техникалық қызмет көрсету және қауіпсіз тасымалдау үшін біріктірілген арнайы функциялар
  • Қосымша орынатылған жоғары қысымды баллондардың барлық түрі бар және CE, SQL немесе ASME стандарттарымен мақұлданған
  • Қызмет көрсететін арбаларды арнайы көліктің тіркемесіне де орнатуға болады
  • Техникалық сипаттамалары сауалнама парақшасына сәйкес (Өлшемдері мен салмағы таңдалған модельге және ішкі құрылымына тәуелді)

Құжаттар (сертификаттар)

По запросу